Соңғы 3 жылда Казачье, Сарыөзек, Отрадное, Макеевка, Желдіөзек, Тройницкое ауылында жаңа медициналық пункт салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан басшысының орынбасары Лязиза Кенжетаеваның сөзінше, биыл Қасым Қайсенов кентінде 3,7 млрд теңгеге ауысымына 150 адам қабылдайтын жаңа емхана іске қосылды.
- 2024 жылы Герасимовка және Айыртау ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Привольное ауылындағы дәрігерлік амбулатория жөнделді, ал Асубұлақ кентінде дәрігерлік амбулаторияда күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, - деді Лязиза Кенжетаева.
Пікірлер