A+ A A-

talgatzhan 26 Кеше, 14:45 0

«Алтай» футбол клубы жекеменшікке берілуі мүмкін

Бүгін / ШҚО / Спорт

Облыс басшылығы клубты коммерцияландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өскеменнің футбол клубы 13 жылдан кейін алғаш рет премьер-лигаға өтті. Бұған дейін клуб жыл сайын бюджеттен 1 млрд теңгеге дейін қаржы алып келген.

- Клубты жекеменшікке беру мәселесі жан-жақты қарастырылып жатыр. Басқа футбол командаларының тәжірибесі де ескерілуде. Әртүрлі нұсқалар бар. Қазір бұл мәселе талқылануда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, өңірде клубқа демеушілік қолдау көрсетуге дайын ірі кәсіпорындар бар.

- Әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ, бірақ біз оларды қарастыруға дайынбыз, – деді өңір басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив