447.14 499.54 5.46
A+ A A-

ШҚО-да жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

ШҚО-да жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шығыс Қазақстанда бокстан жастар арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Соның қорытындысы бойынша өңіріміз екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17-23 қараша аралығында Өскемен жастар боксының орталығына айналды. Мұнда елдің барлық өңірінен 2008-2009 жылдары туған 400 боксшы жиналды.

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінді - жалпыкомандалық есепте 2-орын.

Біздің боксшылардың еншісінде 7 медаль: екі алтын, бір күміс және төрт қола. Чемпиондар: Темірбаев Темірали (55 келі), Баяндинов Алдияр (65 келі). Күміс жүлдегер: Алтай Абзал (50 келі). Қола медаль иегерлері: Шафих Баянды (55 келі), Қарымбек Нұрасыл (75 келі), Жұмажан Мансұр (80 келі) және Күмісбек Қажымұқан (85 келі).

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы иеленсе, үшінші орынға Алматы облысы жайғасты. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив