447.14 499.54 5.46
A+ A A-

"Қайрат" "Копенгагенге" есе жіберді

"Қайрат" "Копенгагенге" есе жіберді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында Данияның "Копенгаген" клубы алматылық "Қайратты" қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Копенгаген қаласындағы "Паркен" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Ойынның есебін алғашқы болып алаң иелері ашты. 26-минутта Виктор Дадасон командасын алға шығарды. 59-минутта Джордан Ларссон пенальтиді дәл орындап, есепті еселей түсті. 73-минутта Роберт есепті 3:0-ге жеткізді. 

81-минутта Дастан Сәтпаев қақпашының қателігін пайдаланып, гол соқты. 90-минутта Олжас Байбек есеп айырмасын қысқартты. Алайда алматылық клуб есепті теңестіре алмады. Бұл "Қайраттың" төртінші жеңілісі болды. Ал, "Копенгаген" алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив