A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Өскемен / Ұлан / Руханият

5-6 желтоқсан аралығында Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданының мәдени күндеріне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

5 желтоқсан:
Сағат 11:00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада (Қазақстан көшесі, 102) «Абай – рухани әлемінің айнасы» көркемсөз оқу байқауы; 
Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) Ұлан ауданы өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесі, «5 жыл – бір мақсат: Шығыс Салбурыны» фотокөрмесі;
Сағат 18:00-де «Ұлы мекен – туған елім» атты Ұлан ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтеді. 

6 желтоқсан:
Сағат 08:00-13:00 аралығында «Шығыс-Алтай» сауда саттық алаңында (Жібек жолы көшесі, 6) Ұлан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен ұлттық спорт ойындары;
Сағат 10:00-де Ұлан ауданы көркемөнерпаздарының қазақ халық әндерінен шеруі ұйымдастырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив