Найробиде (Кения) өтіп жатқан додада Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын қапы қалдырып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шешуші жекпе-жекте ол Иран спортшысы Мохаммад Ализадені сенімді түрде жеңді. Бұл Қазақстан құрамасының биылғы чемпионаттағы екінші алтын жүлдесі.
Жалпы ұлттық құрама қоржынында үш медаль бар: бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленді.
Пікірлер