A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да «Шығыс грациясы – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Бүгін / ШҚО / Спорт

Бұл тек дүбірлі дода ғана емес, сұлулық пен шеберліктің, жеңіске деген жігердің айқын көрінісіне айналған нағыз мереке болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Малайзия, Ресей және Қазақстанның әр түкпірінен келген 500-ден астам спортшының қатысуы турнирдің жоғары мәртебесін дәлелдей түсті.

Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов келіп, жарқын өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірді.

- Осындай жарыстар жас спортшыларға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда жаңа белестерге ұмтылуға жол ашады. Баршаңызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер тілеймін! – деді аймақ басшысы.

Ешкім де назардан тыс қалған жоқ: жүзден астам спортшы жүлдегер атанды. 

Ал кәмелеттік жасқа толған гимнаст қыздар республикалық деңгейде көркем гимнастика бойынша спорт шебері атағын сәтті қорғады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив