A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 09:45 0

Ұлан ауданында жаңа спортзал ашылды

Бүгін / Ұлан

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына қарасты Жанұзақ ауылындағы жаңа спортзалдың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спортзал құрылысына облыстық блім басқармасынан қаражат бөлінген. Жобаның жалпы құны - 102 млн теңгеге жуық. Бас мердігер - «Древстроймаркетинг» ЖШС.

Жалпы аумағы 404,52 шаршы метрді құрайтын ғимаратта жаттықтырушы кабинеті, қыздар мен ұлдарға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, душ, санитарлық тораптар мен өзге де қажетті бөлмелер қарастырылған. 

Спортзал тиісті құрал-жабдықтармен және қажетті инженерлік желілермен жабдықталған. Енді ауылдағы мектеп оқушылары дене шынықтыру сабағын осының ішінде өткізеді. 

Аталған жоба өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер үшін денесін шынықтырып, спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

- Осы спортзалдан әлемдік додаларда көк туымызды желбірететін чемпиондарымыз шықсын. Ең бастысы, балаларымыз денелерін шынықтырып, жан-жақты дами берсін. Бүгінде Ұлан ауданындағы 32 мектептің ішінде спортзалы жоқ 3 білім ордасы қалды. Алдағы уақытта оларға да осындай спортзалдар саламыз, - деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив