A+ A A-

talgatzhan 0 5-01-2026, 10:10 0

Ұлан ауданында туристер жиі баратын ауыл интернетпен қамтылды

Бүгін / Ұлан

Жаңа жыл қарсаңында Ұлан ауданына қарасты Украинка ауылында мобильді байланыс пен жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Арман Бекбосыновтың айтуынша, жаңа цифрлық инфрақұрылым ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
— Бұл мектепте цифрлық білім беруді енгізуге, жасанды интеллект элементтерін пайдалануға, балалар мен ересектер үшін онлайн оқытуға, медициналық қызметтерге қол жеткізуге, жақындармен ыңғайлы байланыс орнатуға, сондай-ақ мемлекеттік және цифрлық сервистерді пайдалануға жол ашады, — деді аудан әкімі.
Интернеттің қолжетімді болуы туристер үшін де маңызды. Себебі Украинка ауылына келушілер экзотикалық өсімдіктерімен танымал «Жер-Су» жерасты жылыжай кешенін жиі тамашалайды. Енді қонақтар сапар барысында байланыс пен интернетті еш кедергісіз пайдалана алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив