6 қаңтарда полицияның кезекші бөліміне Бетқұдық ауылының маңында екі көлік қалың қарға батып қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кезекші көмекшісі Ернар Қалиев қызметтердің іс-қимылын дереу үйлестіріп, ақпаратты оқиға орнына ең жақын жүрген қызметкерлерге жеткізді. Көмекке Таврия ауылдық округінің учаскелік инспекторы полиция майоры Алексей Сергеевич пен Каменка ауылдық округінің учаскелік инспекторы полиция майоры Дәурен Байтиков шықты.
Олар арнайы техникамен қар үйінділерін бұзып өтіп, азаматтарға дер кезінде жетті. Кәсіби біліктілік пен үйлесімді әрекеттердің арқасында екі автокөлік те қар құрсауынан шығарылды.
Пікірлер