A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 14:45 0

Риддерде дүкеннен ақша жымқырған сатушы рақымшылыққа ілігіп, жазадан құтылды

Бүгін / Риддер / Қылмыс

Қалалық сотта тиісті бап бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, сотталушы дүкенде кассир болып жұмыс істеп жүргенде 2023 жылдың 1-28 қыркүйегі аралығында 1 270 341 теңге ұрлаған. 
– Оның бұл әрекеті 1С бағдарламасындағы түбіртек жолдарын өшіру және тауарлардың жалған қайтаруларын өңдеу арқылы жүзеге асырылған, – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. 
Сот отырысында әйел кінәсін мойындамады, бірақ сот оның кінәсі бейнебақылау жазбалары, сот-экономикалық және бухгалтерлік есептері, куәгерлер айғақтарымен расталды. 
– Ж. кәмелетке толмаған екі баласын жалғыз асырап отыр. Бұл жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды. Нәтижесінде әйел 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес жазадан босатылды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив