Ломоносов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару қалпақтарын пайдалаып, 13 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтерден 2 ересек адам мен 1 бала құтқарылды.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндіріліп, шығу себебі анықталуда.
Пікірлер