A+ A A-

talgatzhan 66 12-01-2026, 10:10 0

12 - 18 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Мүлде жаңа ортаға түссеңіз, достарыңыз көбейеді. Егер біреуді ұнатып қалсаңыз сезіміңізді білдірген жөн. Жұмыста да барынша ашық болыңыз: әлденені бүлдіріп алсаңыз басшылыққа айтудан жасқанбаңыз.
Торпақ
Еңбекқорлығыңыз бен пысықтығыңыздың арқасында айлығыңыз да өседі. Жұмысқа жаңадан қызметкерлер келсе, ағалық ақылыңызды айтып, жөн сілтеп жіберіңіз. Үлкендерге сөз қайтармауға, қайта ақылын тыңдауға дағдыланыңыз.
Егіздер
Қарыз сұрағандар көбейеді. Тіпті, жақындарыңыз келсе де әзірге бас тарта тұрыңыз. Олай етпесеңіз, қаржылық жағдай өзіңізде де қиындауы ғажап емес. Апта ортасына қарай жұмыста тапсырмалар көбейеді. 
Шаян
Бір өзіңіз бірнеше бағытта жұмыс істейсіз. Мұқият болыңыз, әйтпесе жұмыстағы маңызды нәрселерді қаперден шығаруыңыз мүмкін. Әзірге махаббат хикаясын бастау мүмкін болмайды, кеңседе жұмыс шаш етектен.
Арыстан
Алыстағы балаларыңызды сағынсаңыз, ай бітпей қауышасыз. Күтпеген жерден қонаққа келіп қалулары кәдік. Сол кезде қора жақтағы күйбеңнен бір сәт демаласыз. Жұлдыздар уақтылы тынығып, денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырады.
Бикеш
Жұмыста тек өзіңізге берілген тапсырмаларды ғана орындаңыз. Артық жүктемені орындауға бір рет келіссеңіз, кейін дәндеп алады өзгелері. Нәзік жандыларға дүкен аралап, ұнатқан киімін сатып алуларына қолайлы кез.
Таразы
Үйде де, жұмыста та тірлік көбейсе, көпке созбай аяқтауды әдет қылыңыз. Әйтпесе, одан әрі шиеленіспек. Барынша сабыр мен төзімділікті бойға жинаңыз. Біреу-міреу артық салмақтан арылуды мақсат етсе, мықтап қолға алғандары дұрыс.
Сарышаян
Басшылық жаңа қызмет ұсынса қабылдаудан қорықпаңыз. Қаңтар айының 13-15 аралығында тосынсый мен сыйлықтар күтіп тұр. Өзіңізді жарқын жетістіктерге жетуде қолдаған жандарға алғыс білдіріңіз. 
Мерген
Үлгермей жатқан жұмысыңыз болса қатты қиналудың қажеті жоқ. Жан-жарыңыз да жәрдем береді мұндайда. Апта ортасында қаражат жағынан қиналуыңыз мүмкін, реттеледі. Сәл төзімділік танытыңыз.
Тауешкі
Саясат тақырыбына ойысып, санаңызды ластамай-ақ қойыңыз. Бітпейтін өзгеріс қажытып жібереді. Не істесеңіз де асығудың қажеті жоқ, одан да әліптің артын бағыңыз. Демалыс күндерін шығармашылыққа арнаңыз.
Суқұйғыш
Ағзаңызға дәруменді молынан жинауға тырысыңыз. Ауа райының бір суып, бір жылып кетуінен тұмау тиіп қалуы ғажап емес. Жақындарыңыз бен достарыңыз көмек сұраса бас тартпаңыз.
Балықтар
Тәкәппар мінезіңізді тұмшалай тұрыңыз. Кедергі болады. Барынша қарапайым, көпшіл болған жөн. Бала-шағаңыз еркелеп, ойыншықтар сатып әперуіңізге қолқа салса, тілегін орындап беріңіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив