Аудандық прокуратураның мәліметінше, былтыр ер адам алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша сотталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жазасын өтеу кезінде ол бірнеше рет белгіленген тәртіпті бұзып, сот тағайындаған міндеттерін орындаудан жалтарып, кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеді.
Сондықтан аудан тұрғыны жазаның қалған бөлігін (бір жыл төрт ай) түрмеде өтейді.
Пікірлер