A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 17:45 0

ШҚО тұрғыны күмжі балағын аулағаны үшін сотталды

Бүгін / ШҚО / Катонқарағай

Катонқарағай аудандық сотында сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ер адам 2025 жылдың 20 қарашасында Коробиха ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінде үш күмжі балығын аулаған. Бұл балық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 
- Үйіне қайтар жолда оны аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері ұстады. Ер адамның заңсыз әрекеті мемлекетке 3 538 800 теңге көлемінде материалдық залал келтірді. Сот оның жалақысының 120 мың теңге, екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - делінген ресми ақпаратта. 
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив