«KAZhservice» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалы 6 ақпанда таңғы сағат 9:30-дан бастап ауа-райы қолайсыздығына байланысты тағы бір жол шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлік қозғалыс Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары KZ16-01 тасжолының 7-ші және 166-шы шақырым аралығында (Ушанское ауылынан Алтайға дейін) шектелді.
Төтенше жағдайлар мен құтқару қызметі көліктерінен басқа барлық көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Сондай-ақ, Өскемен-Қалбатау тасжолы да жабық күйінде қалып отыр.
Республикалық жолдардың жағдайы туралы тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 1403 нөміріне қоңырау шалу немесе Yandex карта арқылы біле аласыз.
Пікірлер