Бірқатар қала, аудан мектептерінде қашықтан оқу форматы енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еске сала кетейік, Өскемен қаласында екі ауысымда оқитын 0–11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алуда. Әлеуметтік желілерде кейбір ата-ана қашықтан оқыту енгізілгеніне наразылық білдіріп, қалада қатты жел жоқ екенін айтып жатыр. Алайда әр ауданда жағдай әртүрлі. Мәселен, Жібек маталар комбинаты шағынауданы тұрғындары әлеуметтік желілерде «жел адамды теңселтіп жіберетіндей соғып тұр» деп жазуда.
Сонымен қатар Марқакөл, Зайсан және Күршім аудандарындағы кейбір мектеп оқушылары да қашықтан оқуға жіберілді.
Пікірлер