A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 18:00 0

ШҚО – Қазақстанның туристік топ-3 өңірінің бірі

Бүгін / ШҚО / Басты

Облыс ULYS нұсқасы бойынша еліміздің туристік рейтингінде үздік үштікке еніп, Қазақстандағы келешегі зор өңірлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірді «шағын континент» деп атауы бекер емес. Мұнда Алтай таулары, дала, орман, көлдер мен сарқырамалар тоғысқан, елдегі су ресурстарының 40 пайыздан астамы мен орман қорының едәуір бөлігі шоғырланған. Катонқарағай ұлттық паркі, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары, Мұзтау шыңы, Қиын-Керіш, Ақбауыр және Берел қорғандары аймақтың қуатты табиғи әрі тарихи-мәдени әлеуетін қалыптастыруда.

Шығыс Қазақстан — туризмнің барлық түрі дамыған санаулы өңірлердің бірі: экотуризм, белсенді және тау туризмі, wellness және сауықтыру бағыттары, мәдени-танымдық және этнографиялық маршруттар. Әуелі Өскеменге келген туристер Алтайға, Бұқтырма су қоймасына және Марқакөл көліне бағыт алады.

Ерекше орын алатын жер — әлемдегі ең ірі су қоймаларының бірі саналатын Бұқтырма. Ол жағажайлық және су туризмінің орталығына айналған. Жол және сервистік инфрақұрылымның дамуы негізгі локациялардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, туристік ағынның, соның ішінде шетелдік қонақтар санының тұрақты өсуіне ықпал етуде.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, өңірдің туристік саласында төрт басым бағыт айқындалған: экологиялық және табиғи туризм, wellness және сауықтыру демалысы, белсенді және тау туризмі (шаңғы курорттарын қоса алғанда), қалалық және мәдени-танымдық туризм.

Шығыс Қазақстанды дамыту стратегиясында «Қала – Таулар – Көлдер» тұжырымдамасын қоса алғанда, туристік кластерлер қалыптастыру көзделген. Инвестициялар тарту, саланы цифрландыру және халықаралық ынтымақтастық өңірдің республикалық әрі халықаралық деңгейдегі позициясын күшейтуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив