A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:20 0

ШҚО-да 31 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 29 негізгі азық-түлік түрінің 14-і бойынша халықты қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыздан асты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың қатарында нан және ұн өнімдері, еттің негізгі түрлері, балық, өсімдік майы, жарма, картоп пен көкөніс бар. Сонымен қатар қант, күріш және тұз секілді бірқатар өнім бойынша өзге өңірлерден жеткізуге тәуелділік сақталып отыр.

Аймақтағы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі негізгі бағыттардың барлығын қамтиды. Атап айтқанда, ет, сүт, май, ұн-жарма, нан пісіру және балық өндірісі жолға қойылған. Экспорттық әлеует те артып келеді. Өткен жылдың 11 айында АӨК өнімдерінің экспорты 367,3 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 20,5 пайызға өсті. Оның 68 пайызы - қайта өңделген өнімдер.

Бұдан бөлек, былтыр Өскеменде жылына 169 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы «Алтай Май» ЖШС-нің май зауыты іске қосылды. Сондай-ақ сүт саласындағы кәсіпорындар жаңғыртылып, жаңа өндірістік нысандар салынып жатыр.

Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Сүт өндірісі 9 пайызға өсіп, 260,5 мың тоннаны құрады. Ірі қара мен жылқы саны да артқан. Шығыс Қазақстан сүт саласын дамыту бойынша елдегі көшбасшы өңірлердің қатарында.

Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 31 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, субсидиялау жүйесін цифрландыру және мемлекеттік қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, АӨК тиімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастырып келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив