Өңір полиция қызметкерлері жасырын фитолабораторияның қызметін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болды.
Анықталғандай, облыстың 53 жастағы тұрғынына тиесілі тұрғын үй мен іргелес аумақты санкцияланған тінту кезінде полицейлер фитолаборатория түрінде жұмыс істеген арнайы жабдықталған үй-жайды тапты. Онда кәсіби жабдықтарды қолдана отырып, есірткі сипатындағы өсімдіктер өсірілген.
Заңсыз айналымнан 28 түп өсімдік, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заты бар 18 полимерлі пакет, өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.
Пікірлер