A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:10 0

ШҚО-да Наурыз мейрамы он күн бойы тойланады

Бүгін / Басты / ШҚО

Ел көлемінде Наурызды атап өту 14 наурызда басталады. Осы күннен бастап мерекеге арналған дәстүрлі іс-шараның онкүндігі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, Наурыз онкүндігі — 2024 жылдан бастап енгізілген жаңа мерекелеу форматы. Ол 14-23 наурыз аралығында өтіп, ұлттық дәстүрлерді, бірлік пен мәдениетті дәріптеуге бағытталған. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады.

14 наурыз — Көрісу күні (Амал мерекесі). Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, туыстар мен үлкендердің үйіне барып амандасады.

15 наурыз — Қайырымдылық күні. Қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.

16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Театр қойылымдары, концерттер өтіп, ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

17 наурыз — Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарына арналып, көпбалалы отбасылар құрметтеледі.

18 наурыз — Ұлттық киім күні. Еліміз бойынша тұрғындар ұлттық киімдер киеді.

19 наурыз — Жаңару күні. Көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылады.

20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ сияқты  жарыстар өтеді.

21 наурыз — Ынтымақ күні. Негізгі мерекеге дайындық жүргізіліп, дастархан жайылады. 

22 наурыз — Жыл басы — Наурыз мейрамы. Этноауылдарда мерекелік шаралар ұйымдастырылып, Наурыз көже ұсынылады.

23 наурыз — Тазалық күні. Онкүндік «Таза табиғат» экологиялық акциясымен қорытындыланып, қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіледі.

— Облыс тұрғындарын Наурыз мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз.  Мерекелік іс-шаралардың толық бағдарламасы кейінірек жарияланады, — делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив