A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 11:40 0

ШҚО-да қаруды сақтау ережелерін бұзу фактілері көбейді

Бүгін / ШҚО

Былтыр қару айналымы саласында 103 құқықбұзушылық анықталды. Ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 106-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Орал Рыспаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, құқықбұзушылықтардың басым бөлігі қару иелерінің салғырттығынан болады. 
- Көп жағдайда қару иелері қаруды сақтау және пайдалану талаптарын толық сақтамайды. Мәселен, уақтылы тексерістен өтпеу, қару сақталатын сейфке орнатылған сигнализацияны қоспау. Сонымен қатар кейбір азаматтар қару сақталатын сейфке алтын бұйымдар мен ақшаны бірге сақтайтыны да анықталған. Бұл қауіпсіздік талаптарына қайшы келеді, - деді  Орал Рыспаев.
Өңірде тіркелген қару иелерінің саны да азайды. Мысалы, 2025 жылы өңірде 8768 қару иесі тіркелген болса, 2026 жылы олардың саны 8340 адамды құрады. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш қару сақтау талаптарының күшеюімен, азаматтардың қаруды ерікті түрде тапсыруымен байланысты болуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив