Облыс әкімдігінің делегациясы 3–5 наурыз аралығында ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл шара өңірдің туристік әлеуетін насихаттау, жаңа серіктестік байланыстар орнату және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды алаң болды. Көрме барысында делегация шетелдік туристік компаниялар мен салалық ұйымдар өкілдерімен кездесулері мен келіссөздер өткізді.
ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы хабарлағандай, көрмеде облыстың туристік әлеуеті, ерекше табиғи ландшафттары, жаңа туристік маршруттар таныстырылды.
Шығыс Қазақстан шетелдік туроператорлар мен саяхатшылар арасында қызығушылық тудырып отыр. Әсіресе өңірдің табиғи мұрасы, әртүрлі ландшафттары, көлдері, мәдениеті халықаралық серіктестердің назарын аударуда.
Пікірлер