A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да полицейлер жолда қалған 400-ден астам көлікті алып жүрді

Бүгін / ШҚО

Өңірде ауа райының күрт бұзылуына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, енгізілген шектеулердің сақталуын қатаң бақылауға алды. Олар жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетті.

Ауа райы оңалғаннан кейін патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын ертіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды. Арнайы құрылған колонна құрамында 300-ге жуық жеңіл және 120 жүк автокөлігінің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив