Ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл–Дайыр ауылына бағыт алған автобус қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жолда тұрып қалған көлікті учаскелік полиция инспекторы байқап, дереу көмк көрсетті. Ауылдық әкімдік өкілдерімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде автобус қар құрсауынан шығарылып, жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілді.
ШҚО Полиция департаменті қолайсыз ауа райында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатқанын және аймақ жолдарында көмекке мұқтаж жүргізушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Пікірлер