A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 18 шетелдік анықталды

Бүгін / ШҚО

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтарды тіркеу мекенжайларына, қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктердің келуі туралы хабарламаларының болуына тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бір күннің ішінде ел аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетелдік анықталды.

10 наурызда мекенжайлардың бірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген және уақытша тұруға рұқсаты жоқ көршілес мемлекеттің азаматтарын анықтады. Олардың бұған дейін де осындай құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

- Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін 7 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға ел аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылады. Ол мемлекет пайдасына 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, - деді  ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив