A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:30 0

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Мұрат Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұрат Манарбекұлы 1969 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы, 1996 жылы Лениногор орман колледжін техник-орманшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының Аюда орман шаруашылығында бірінші разрядтағы жұмысшы болып бастады.

1993-1999 жылдары Ұлан ауданының Асу-Бұлақ орман шаруашылығында түрлі қызметтерді атқарған. Оның ішінде орманшының көмекшісі, орман шаруашылығының инженері, бас орманшы болды. 1999-2015 жылдары осы орман шаруашылығының директоры болып жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2017-2018 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды. 2018-2025 жылдары қайтадан ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

2025 жылдан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Фото: ШҚО әкімдігінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив