A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:35 0

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 1247 адам жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

2024 жылдан бастап елде іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалықты сақтауға және елді мекендерді абаттандыру қағидаларын орындауға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірдегі полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық шаралар жүргізуде.

Жыл басынан бері 1400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 1247 адам жауапкершілікке тартылып, ортақ пайдалану орындарын ластаудың 234 фактісі тіркелді. 

Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі аумақтардың ластануын және абаттандыру ережелерінің сақталмауын жедел тіркеуге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесі арқылы анықталды.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға шақырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив