Өңірде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, жойылып кету қаупі бар 57 жануар түрі кездеседі. Оны облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары есептеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма өкілі Данияр Қанатбаевтың мәліметінше, өңірде қар барысы — 11, дуадақ — 62, лашын — 88, бүркіт — 75.
Облыс аумағының 1,3 млн гектардан астамын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатыр. Олардың қатарында мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи парктер бар.
Мамандардың айтуынша, мұндай аумақтарды құру сирек және жойылып кету қаупі бар жануарларды сақтауға мүмкіндік беріп отыр.
Пікірлер