A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:55 0

ШҚО әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Бүгін / Басты / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аймақ басшысы Өскемендегі №9 учаскеге отбасымен келді. Осылайша, балаларына ата-ананың ел өміріне қатысуы жеке таңдаудан басталатынын іс жүзінде көрсетті.
Өз сөзінде ол референдумның ел болашағы үшін маңызын, облыста тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық тиісті жағдайдың жасалғанын атап өтті. 
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда барлығы 533 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 501-і тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болатын орындарда орналасқан. Учаскелердің 129-ы немесе 24,2 пайызы Өскемен қаласында.
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 20,64%-ы өз таңдауын жасап үлгерді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив