A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:05 0

ШҚО-да тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады

Бүгін / ШҚО

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес елдің жаңа өңірлерінде казино ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, «Ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (олардың кассаларының) орналасу орындары» туралы бапқа толықтырулар енгізілді.

- Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында, Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Марқакөл аумағында және Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында ойын-сауық орындары ашылады, - делінген құжатта.

Сонымен қатар заңда казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, тарихи-мәдени маңызы бар жерлерде, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсатындағы жерлерде орналастыруға тыйым салынатыны көрсетілген.

Бұдан бөлек, заң жаңа тармақпен толықтырылды. Онда жоғарыда аталған өңірлерде орналасатын казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сол мекемелердің қызметкерлері және қызметтік міндеттерін орындау мақсатында жүрген өзге де тұлғалар ғана кіре алатыны белгіленген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив