Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді әкелу әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
2026 жылдың басынан бері АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтады.
— Заң бұзудың негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы, сондай-ақ белгіленген фитосанитариялық нормалардың сақталмауы болды, — делінген АШМ хабарламасында.
Тексеру қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.
Пікірлер