A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

Бүгін / Республика

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалар мен жасөспірімдер үшін «Наурыз - жыл басы» атты республикалық сурет байқауын өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты — Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріпте, сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында көркемдік-эстетикалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

Байқауға жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7-18 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
1. «Наурыз және менің отбасым» — үздік сурет;
2. «Наурыз — көктемнің символы» — үздік сурет;
3. «Наурыз және Қазақстан мәдениеті» — үздік сурет.
— Өтінімдер 2026 жылдың 16-27 наурыз аралығында smartziyatker.kz платформасында қабылданады. Байқау онлайн форматта өтеді, нәтижелері 2 сәуірде жарияланады, — делінген министрлік хабарламасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив