ШҚО Экология департаменті қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде «Шығыс жылу» АҚ-ға (№2 қазандық) жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру аясында шығарынды көздерінде бақылау өлшеулері жүргізілді.
- Нәтижесінде көміртегі тотығының деңгейі белгіленген нормадан төрт есеге асып кеткені анықталды. Бұл шаң мен газ жинайтын жабдықтың шығарынды газдарды жобаланған тазартуды толық қамтамасыз етпейтінін көрсетеді, - деп хабарлады ШҚО Экология департаментіндегілер.
Сонымен қатар қолайсыз ауа райы жағдайларында шығарындыларды азайту талаптарын сақтамау қоршаған ортаны қорғауға қатысты талапты бұзады.
- Тексеру нәтижелері бойынша компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 3,5 млн теңге айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарылды, - деді департамент өкілдері.
Пікірлер