Әлеуметтік желіде Алтай қаласы мен Новополяковка ауылының арасындағы тасжолда қоңыр аюдың жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аю жолға тым жақын жүргендіктен, қардың арасымен қашып кетуге тырысқан. Бірақ қарға құлап, қайта тұрып, жүре берді. Анда-санда адамдарға қорқынышпен қарайды. Содан кейін алыстап, баяулады. Ал қатты жерге жеткен соң, тауларға қарай жүгірді. Аю қысқы ұйқыдан оянған болуы мүмкін. Видеодан оның жақсы тамақтанғаны және күш-қуатқа толы екені көрінді.
Пікірлер