Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көпжылдық бақылауларға сәйкес облыста су тасқынының алғашқы толқыны наурыздың екінші онкүндігінің соңынан сәуірдің екінші онкүндігінің соңына қарай байқалады.
1 ақпаннан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілген. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
9–15 ақпан аралығында жергілікті атқарушы органдардың дайындығы тексеріліп, тиісті ұсынымдар берілді. Ал ақпанның үшінші онкүндігінен бастап каналдар, арықтар, көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.
ШҚО ТЖД мәліметінше, су тасқынына қарсы жұмыстар 84,4 пайызға орындалды. Қажетті қаптар, инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайын тұр. Сондай-ақ арнайы жүзу құралдары мен мотопомпалар бар.
Пікірлер