Облыста көші-қон қызметінің қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында заңнаманы бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, бір күнде 50-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 17 наурызда Өскемендегі құрылыс алаңында көрші елдің 21 азаматы тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде рұқсатсыз жұмыс істеп жүргені анықталды.
- Жұмыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы (шетелдік жұмыс күшін заңсыз жалдағаны және шетелдік азаматтардың бар екендігі туралы хабарламағаны үшін) бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 100 АЕК көлемінде (432 500 теңге) айыппұл салынды, - деді ШҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ринат Шкибаев.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдік азаматтарға уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеуге тыйым салынатынын еске салады.
Пікірлер