A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан әйелдері тұңғыш баласын 25 жаста босанады

Бүгін / Республика

Қазақстанда жастардың демографиялық мінез-құлқы өзгеріп келеді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаева «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2026» ұлттық баяндамасы жобасының мазмұндық бөлігін талқылауға арналған сараптамалық кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Қазіргі таңда алғашқы баланы дүниеге әкелудің орташа жасы 25,3 жасқа жетті. Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығына тиесілі, – деді демограф.

Сарапшының сөзінше, 30-34 жас аралығындағы туу жағдайларының да үлесі артып келеді.

- Жастар алдымен білім алып, кәсіби тұрғыдан қалыптасуға ұмтылады. Бұл бала сүю жасын кейінге шегеру үрдісін қалыптастырып отыр, – деп атап өтті Аяулым Сағынбаева.

Оның пікірінше, урбанизация мен өмір сүру құнының артуы да бұл өзгерістерге ықпал етеді.

- Ірі қалаларда тұрғын үй бағасының жоғары болуы және мансаптық бәсекенің күшеюі жастардың отбасын кеш құруына әсер етеді, – деді сарайпшы.

Айта кетейік, Қазақстанда жастар саны 6,2 млн-ға жетуі мүмкін екені белгілі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив