Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлім етті,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы наурызға дейінгі кезеңде астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты 8,9 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (7,9 млн тонна).
Экспорттың негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалады.
Атап айтқанда, Өзбекстанға жеткізілімдер 14%-ға өсіп, 6,6 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға жетті.
Қырғызстанға экспорт 1,8 есеге артып, 194 мың тоннадан 354 мың тоннаға дейін көбейді.
Ауғанстанға жеткізілім көлемі 24%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға жетті.
Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге ұлғайып, 94 мың тоннадан 145 мың тоннаға дейін артты.
Пікірлер