A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 20:30 0

Өскеменде ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отандық дизайнерлер мен қолөнершілердің еңбегін насихаттауға арналды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Көрмеге қатысқан шеберлер ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар мен киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Қолөнермен айналысатын шебер Наргиз Ақыбаева өз бұйымдарын үй жағдайында жасайды.

– Қазақи әшекейлерді сату арқылы табыс тауып, баламды емдетіп жүрмін. Осы идеяның туындауына да балам себеп болды. Бас киімдер, сөмкелер, алқа, сырғалар жасаймын, – деді ол.

Ал жәрмеңкеге қатысушылардың бірі Жанат Рамазанованың айтуынша, мұндай іс-шаралардың ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызы зор.

– Бүгінгі сән көрсетіліміне келгенімізге қуаныштымыз. Мұндай жобалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. «Tomiris collection» бренді ұсынған бұйымдарымыз 3000 теңгеден 40 мың теңгеге дейін сатылады, – деді ол.

Көрмеде 30 жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан «Tarbiya ulttyq kiim» брендінің бұйымдары да ұсынылды.

– Біздің киімдер мен бұйымдар толықтай қазақы ою-өрнекпен безендірілген. Шапан, камзол секілді ұлттық киімдерді тігеміз. Өскеменде филиалымыз жұмыс істейді, – деді Есен Ізбасар.

Айта кетейік, аталған сән көрсетілімі ұлттық киімнің заманауи үлгілерін таныстырып қана қоймай, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив