A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да сұйытылған газды бөлу тәртібі бұзылған

Бүгін / ШҚО

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Тексеру барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу көлемдерін айқындау тетігінің талаптарын сақтамағаны анықталды. Осылайша, Басқарма әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері байқалды, - делінген хабарламада.

Департамент Басқармаға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив