Бұл туралы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұрлан Махамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде 8,5 мың адам (3,5 мың үй) тұратын 71 су тасқыны қаупі бар елдімекен анықталды.
- Жол карталары, Инженерлік жұмыстар жоспары және басқа да бағдарламалар шеңберінде жүргізілген су тасқынына қарсы шараларды ескере отырып, 16 елдімекенде су басу қаупі жойылды, 50 елдімекенде азайтылды. Дегенмен Глубокое ауданындағы 2 және Алтай ауданындағы 3 елдімекенде қауіп әлі сақтаулы, - деді Нұрлан Махамбетов.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап облыс аумағында жоғары дайындық режимі енгізіліп, 3 аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Пікірлер