A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 11:10 0

ШҚО-да көктемгі жарылыс жүргізуге 370 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімдігінің отырысында Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұрлан Махамбетов су тасқынына қарсы шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр 10 ауданда 10 523 млн теңгеге су тасқынына қарсы 28 шара іске асырылды.
– Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай, Глубокое аудандары әкімдіктерімен жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 378 млн теңгеге 20 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды. Алтай және Глубокое аудандарының бюджетінде бұл мақсатқа 47 млн 400 мың теңге көзделген. Ал облыс резервінен 331 миллион теңге бөлінді. Кесте құрылып, тиісті жұмыстар 11 наурыздан басталды, – деді Нұрлан Махамбетов. 
Сондай-ақ облыста 14 рет қар көшкіні түсірілді. 
– Су тасқынына қарсы жұмыстар 76%-ға орындалды. Каналдар мен арықтардың 67%-ы, су өткізу құрылыстарының 81%-ы, көпірлердің 87%-ы тазартылды. 328 мың текше метр қар шығарылды. 82 мың қап, 10,2 мың тонна инертті материал, 393 тонна ЖЖМ дайындалды. 3677 адам, 556 техника, 73 жүзу құралы және 234 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы әзірленді. Жалпы сыйымдылығы 13 мың адамды құрайтын 137 уақытша орналастыру пункті бар, – деді Нұрлан Мұхтарұлы. 
Бұдан бөлек, жағдай күрделенсе, халықты хабардар ету 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы, СМС-тарату, телерадио және «Дәрмен» қосымшасы арқылы жүргізіледі. Басқарма басшысының сөзінше, шұғыл жағдайда «МассАлерт» халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Айта кетейік, ақпараттық жүйе арқылы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Жүйе тәуекелдерді ерте анықтау үшін 7 күндік болжам жасайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив