A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:20 0

ШҚО палуандары былтыр қандай жүлде алды – басқарма өкілі жауап берді

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте  ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Аида Жуханова спортшылар жетістігіне тоқталды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтуынша, Шығыстан шыққан спортшылар республикалық, әлемдік деңгейде жақсы көрсеткішке ие болып жүр.

- Файна Мейрманова 2025 жылғы 15–26 қарашада Токио (Жапония) қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол жеңіл атлетика бойынша «қабырғаға секіру» жарысында  керемет нәтиже көрсетіп, 1,79 м биіктікті бағындырды. 2025 жылғы 7–9 қаңтар аралығында Жастар арасындағы Әлем чемпионатында Городко Анастасия могул және жұптық могул бойынша 2 алтын медаль жеңіп алды, ал командалық жұптық могулда Раструба Денис пен Феклистова Юлия күміс медальге ие болды. 2025 жылғы 27 ақпаннан 2 наурызға дейін өткен қысқа жолақтағы коньки тебуден Әлем чемпионатында Құмарқан Зейнеп 3000 м эстафетасында күміс медаль жеңіп алды, - деді Аида Жуханова.

Одан бөлек, өткен жылы 25–30 наурыз аралығында Йорданияның Амман қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Онда Азамат Даулетбеков үшінші орынға ие болды. Ал 17–30 сәуір аралығында Йорданияның Амман қаласында бокс бойынша Азия чемпионатында Темірбаев Темірлан (52 кг салмақ дәрежесі) және Ахметов Шыңғыс (49 кг салмақ дәрежесі) чемпион атанды.

– 9–11 мамыр аралығында Колумбияның Богота қаласында фехтование бойынша Әлем кубогы өтті. Сайыста Курбанов Руслан күміс медаль жеңіп алды. 16–18 мамыр аралығында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Ол жерде біздің спортшылар топтық жаттығуларда бірінші орынға ие болды. 12–15 маусым аралығында Таиландтың Паттайя қаласында 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында байдарка және каноэдан біздің спортшылар үш алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, – деді басқарма өкілі. 

Облыста хоккей спорты да қарқынды дамып келеді. Бұл сөзімізге дәлел – «Торпедо» хоккей командасының Қазақстан Республикасы Кубогіндегі алтын медалі.

– Сонымен қатар, Өскемендегі хоккей мектебінің көптеген түлегі құрлдықтық хоккей лигасы мен Pro-лигада табысты жаттықтырушы ретінде еңбек етуде. Футбол командасы «Алтай-Өскеменнің» жеңісі, негізгі команданың Премьер-лигаға шығуы және Бірінші лигада қола медаль жеңіп алуы — өңірде ірі футболды қайта жандандыруға серпін болды, - деді Аида Жауханова. 

Айта кету керек, биыл өңір спортшылары ірі халықаралық және республикалық жарыстарға қатысады.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив