A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:30 0

ШҚО-дағы қай аудандарға тасқын төніп тұр?

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ақпаратпен ШҚО Төтенше Жағдайдар Департаментінің бастығы, полковник Рашид Блялов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір облыста көктемгі су тасқынының бірінші кезеңіне белсенді дайындық жүргізілуде.
– Көпжылдық бақылауларға сәйкес су тасқынының бірінші кезеңі өзендердің мұз құрсауынан ашылуы кезінде, яғни наурыз айының екінші онкүндігінің соңынан сәуір айының екінші онкүндігінің соңына дейін байқалады. Осы уақытта Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит, Ақсу өзендерінде мұз кептелістерінің пайда болу қаупі бар, – деді  Рашид Блялов. 
«Қазгидромет» деректері бойынша облыстағы аудандар қауіп деңгейі бойынша шартты түрде келесідей бөлінді:
1) Жоғары қауіп аймағына: Алтай, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Ұлан, Үлкен Нарын аудандары;
2) Орташа қауіп аймағына Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласының әкімшілік аумағы енгізілді.
– Әр су басу қаупі бар елдімекен бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жауапты тұлғалары бекітілді, – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив