A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:35 0

ШҚО-да тауар бағасын көрсетпеген кәсіпкерге айыппұл салынды

Бүгін / ШҚО

Белгілі болғандай, дүкендегі тауар бағалары теңгемен көрсетілмеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, кәсіпкер бір жыл ішінде аталған заңбұзушылықты бірнеше рет қайталаған. Мұндай жағдайда жаза қатаңдатылады.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін шағын бизнес субъектілеріне 65 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Биыл бұл сома 281 125 теңгені құрады. Дұрыс әрі анық жазылған баға қағаздары - сатушының ең басты міндеті, ол сауданың ашық болуын қамтамасыз етеді. Тұтынушы тауарды көрсетілген бағамен сатып алуға құқылы. Егер тауар құны көрсетілмесе, тұтынушы мемлекеттік органдарға шағымдана алады. Егер кассадағы баға сөредегі бағадан жоғары болса, тұтынушы тауарды дәл көрсетілген бағамен сатуды талап етуге заңды түрде құқығы бар, - деп түсіндірді ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері.

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив