A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 14:30 0

Жақсылық Омардың соты басталады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары және Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың ісі бойынша сот наурыздың 19-на белгіленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Іс ашық сот отырысында және қысқартылған тәртіппен қаралмақ. Өйткені алдын ала мәліметтерге сәйкес, айыпталушы өз кінәсін мойындады. Егер ол өз айтқанынан бас тартпаса, сот шешімі он күн ішінде шығарылуы мүмкін.

Сот кабинетіндегі құжатқа сәйкес, Жақсылық Омар қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша айыпталып отыр. Қазіргі уақытта ол қамауда.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталғанын ақпан айында растаған болатын.

Ведомство мәліметінше, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: Baq.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив