Бүгін жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысында өңірдегі жастар саясатының негізгі басымдықтары жан-жақты қаралды. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселе көтеріліп, нақты ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күн тәртібінде төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік ұйымдардың қызметі мен оларды қолдау шаралары, жастар арасында техникалық, цифрлық және IT-білім беруді дамыту, жастарды деструктивті ағымдар мен экстремизмнен қорғау мәселелері қаралды.
Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанат Мекеева, кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган өкілдері және «Жастар Рухы» жастар қанатының оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Жиын барысында жастар мен технологиялардың өзара ықпалы, білім беру саласындағы технологиялық трансформация, әлеуметтік желілердің жастар мәдениетіне әсері, цифрлық мүмкіндіктер мен қауіптер кеңінен талқыланды. Қатысушылар тәжірибеге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Екатерина Смирнова төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлікті дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, волонтерлік қозғалыс – тек көмек көрсету құралы ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби кадрларды даярлаудың маңызды алаңы.
- Спорт саласындағы жастарды төтенше жағдайлар қызметіне волонтер ретінде тарту – тиімді бастама. Әсіресе су спортымен айналысатын жастар физикалық тұрғыдан дайын, суда еркін әрекет ете алады және алғашқы көмек көрсету дағдыларына ие. Бұл олардың әлеуетін қоғам игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы бағытта арнайы оқыту семинарларын ұйымдастыру қажет, – деді депутат.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты ұсынымдар беріліп, жастар саясатын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Пікірлер