Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Ораза айт мейрамының мән-маңызын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Ораза айт мейрамы құтты болсын!
Бұл мейрам - мейірім мен қайырымдылықтың, ізгілік пен кешірімнің салтанат құрған ерекше кезеңі. Рамазан айында әр адам рухани тазара түсіп, сабыр мен шүкіршілікке, жанашырлық пен қамқорлыққа мән береді. Ал Айт күндері сол игі амалдар жалғасын тауып, халқымыздың берекелі бірлігі мен кеңпейіл болмысын айшықтай түседі.
Ораза айт - адамдарды жақындастырып, өзара сыйластық пен татулықты нығайтатын, қоғамдағы ізгі құндылықтарды дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күндері үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтаж жандарға қолдау білдіру - ата дәстүріміздің ажырамас бөлігі.
Шығыс Қазақстан әрдайым бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан аймақ ретінде танылып келеді. Алдағы уақытта да осы ауызбіршілік пен өзара түсіністік сақталып, игі бастамаларымыз жалғасын табатынына сенім мол.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін. Айт қабыл болсын!
Пікірлер