A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 14:40 0

ШҚО-да өңірлік даму мәселелері қаралды

Бүгін / ШҚО

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күн тәртібінде мәдениет нысандарын салу және жөндеу, гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру, магистральды каналдарды жөндеу және суару жүйелерін жаңғырту мәселелері қаралды.
Жиын барысында жауапты басқарма өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, маңызды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
«Өңірдің тұрақты дамуы – сапалы инфрақұрылымға тікелей байланысты. Сондықтан мәдениет нысандарын жаңғырту мен су шаруашылығы жүйелерін дамыту – басты назарда. Барлық жобалардың тиімді әрі уақтылы жүзеге асырылуы партия бақылауында болады», – деді «AMANAT» партиясы ШҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив